RU
ДНҚ сараптамасын жасатқан жігіт миллионердің ұлы болып шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

ДНҚ сараптамасын жасатқан жігіт миллионердің ұлы болып шықты

Рассказать Вконтакте

31 жастағы англиялық Джордан Эдлард-Роджерс фермерлік және аңшылық үйлері бар аумағы 6,2 шаршы шақырымды құрайтын жердің иесі атанған. Бұл байлық оған әкесінен мұрагерлікке қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: пиравп

ДНК тест жасатған жігіт миллионердің ұлы болып шыққан

Англияның Корнуолл қаласының тұрғыны Джордан Эдлард-Роджерс өзінің ақсүйек Чарльз Роджерстің ұлы екенін сезіп жүргенін айтқан.

18 жасында жігіт әкесіне ДНҚ сараптамасын жасатуды ұсынған. Алайда ол өз кезегінде барлық істі тек заңгерлер арқылы шешетінін айтқан. Жас жігіт мұндай мәселеге бас қатырғысы келмегендіктен қолын бір сілтеген.

Бірнеше жыл өткеннен кейін, Джордан сараптама мәселесін қайта көтерген. Алайда әке жағынан ешқандай жауап болмаған соң, сараптаманы өзі жасатқан. Нәтижесінде Чарльз Роджерс ер азаматтың әкесі болып шықты.

Ал біраз уақыттан соң, әкесінің заңгерлері жігітке хабарласып, 62 жастағы Чарльздың шектен тыс есірткі қабылдағанның салдарынан көз жұмғанын айтқан. Сол себепті ақсүйектің барлық байлығы туған ұлына мұрагерлікпен өтетін хабарлаған.

Жігіт өз мұрасын 50 млн фунт ақшаға сата алады. Алайда оған ақша қажет болмауы да мүмкін. Себебі Джордан жерден бөлек, апта сайын мың фунт алатын болады.

"Бәрі менің жолым болып, осы ақшаға кенеліп отырғанымды айтады. Алайда әкемді жақсырақ тану үшін осының бәрін айырбастап кетер едім. Егер мен оның жанында болсам, бәрі басқаша болар ма еді", - дейді жігіт.

Енді Джордан жұмысын тастап кетуді жоспарлап отыр. Алайда ол ақсүйек болып өмір сүргісі келмейтінін айтты. Джордан байлығын өмір сүру деңгейін көтеруге, қайырымдылыққа жұмсайтынын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel