RU
Қанат Әуесбай облыстық телеарнаның директоры болып тағайындалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қанат Әуесбай облыстық телеарнаның директоры болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Қанат Әуесбай "Qazaqstan" республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетейік, Қанат Әуесбай 1999 - 2004 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2004-2008 жылдары білімін осы университетте аспирантурасында жалғастырады.

2004 жылы Алматыда өткен "Телерепортажға жаңаша көзқарас" семинарына қатысып, "Internews network" халықаралық ұйымының сертификатын алды.

Қызмет жолын 2002-2003 жылдары "Түркістан" халықаралық газетінің тілші болудан бастаған.

- 2003-2009 жылдары - "Еуропа плюс Қазақстан" радиосында сазды жүргізуші;

- 2003-2004 жылдары — 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасында тілші;

- 2004-2006 жылдары — "Qazaqstan" телеарнасының ақпараттық бағдарлама тілшісі;

- 2006-2009 жылдары — "Қазақстан" телеарнасы ақпараттық бағдарлама редактор-сарапшысы;

- 2009-2010 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті оқытушысы;

- 2010-2011 жылдары — "Qazaqstan" арнасындағы "Апта.kz" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі, шеф-редакторы;

- 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті, телерадиожурналистика және бұқарамен байланыс кафедрасының доценті;

- 2011 жылдың желтоқсанынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін "Өзекжарды" телесұхбатының ауторы әрі жүргізушісі;

- 2012 жылдың 2 қарашадан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін - "Qazaqstan" Ұлттық арнасындағы қоғамдық-саяси "Алаң" ток-шоуын жүргізген.

- 2018 жылдан  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасының баспасөз қызметінің аға сарапшысы, "Astana" арнасында "Ruh.kz" ток-шоуының жүргізушісі, сценаристі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel