Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Атырау облыстық ПД бастығы не себепті қызметінен босатылғанын түсіндірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қызметінен босатылған Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығына қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter
"Комиссияны өзім басқардым. 17 мамыр күні біз жолға шықтық. Тәртіптік тексеріс жүргізіп, министрге Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевты қызметінен босатуға негіз бар екені жөнінде ұсыныс түсірдік.
Комиссия тәртіп бұзушылық ретінде қызметтік көлікті тиісті мақсатта қолданбау, полицейлер қызметін күшейту кезінде дислокация аумағын тастап кету мен басқа қызмет басшыларын алып баруды есептеді " , - деді министр орынбасары брифинг барысында.

Оның сөзінше, комиссия 11 мамыр күні Аян Дүйсембаев полиция қызметінің күшейтілуі кезінде қызметтік көлігімен Атыраудан 300 шақырым қашықтықта орналасқан туған ауданына кетіп қалғанын анықтады. Оған қоса, полиция басшысы өзі қызмет ететін департамент жетекшілері мен екінші қызметтік көлікті де алған.

"Ол туған ауданында меркелік шара ұйымдастырылып жатқанын білді. Ол жерде не болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Ат пен шапанды тарту етті. Жылқыны кейін ол қайтарып берді. Оның сөзінше, бұл жағдай бар болғаны сыйластық таныту" , - деді ішкі істер вице-министрі.

ІІМ шенеунігі полиция басшыларына өзін-өзін ұстау жөнінде аса ерекше талаптар қойылатынын жеткізді. Айтуынша, олар өзін барынша қарапайым ұстап, наразылық тудыартын әрекеттерге бой алдырмауы керек.

"Бұл жағдайда қарапайым халықтан бастап, мемлекет басшысына дейін наразы пікірлерге куә болдық" , - деді Алексей Калайчиди.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Атырау облысының полиция басшысы аттың үстінде отырға, видеосы тараған еді. Бейнеролик ел арасында қызу талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевтың әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

Полиция басшысына сыйлық тарту еткен ауыл тұрғындары оны жақтап петиция жазған.

Жақында Аян Дүйсембаев қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795185-iim-atyrau-oblystyk-pd-bastygy-ne-sebepti-kyzmetinen-bosatylganyn-tsindirdi/

pixel