Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австриялық депутат мұсылмандарды қорғау үшін парламентке хиджабпен келді (фото)

Опубликовано:

Австриялық депутат Марта Биссман парламентке хиджаб киіп келген. Австрия парламентінің тәуелсіз мүшесі болып табылатын ол, осы әрекетімен мұсылмандарға қолдау көрсететіндігін білдірген деп хабарлайды islam-today.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: islam-today.ru
Фото: islam-today.ru: Twitter

Депутат аталмыш әрекетімен елде қабылданғалы жатқан заңға қарсы шықпақ болған.

Марта Биссман елдің бастауыш мектептеріне мұсылмандарға орамалмен келуге рұқсат берілуі керек деген ұстанымды алға тартқан.

"Не өзгерді, айтыңыздаршы? Мен енді басқа, тәуелді әйел болып кеттім бе? Осының бәрін мұсылман әйелдерінен үйренуіміз керек", - деді депутат.

Биссман сонымен бірге Австрия парламентінде кейінгі жылдары жиі айтылып жүрген расизм мен исламнан қорқу мәселелеріне тоқталып өткен.

Айта кетерлігі елдегі тәуелсіз партия мүшелері дінді ұстану бостандығына шектеу қою керек деген бастаманы айтқан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795193-avstrialyk-deputat-msylmandardy-korgau-sin-parlamentke-hidzabpen-keldi-foto/

pixel