RU
Танымал спортшылар қасиетті Рамазанда кіші қажылыққа аттанды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Танымал спортшылар қасиетті Рамазанда кіші қажылыққа аттанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі футболшылар Поль Погба мен Курт Зума қасиетті Рамазан айында Меккеге кіші қажылыққа аттанған. Қасиетті сапарға барған суреттерін спортшылар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларынжа жариялаған деп хабарлайды islam-today.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Меккеге арнайы Умраға барған футолшылардың қатарында Манчестер Юнайтедтік Поль Погба мен Челси құрамасының қорғаушысы Курт Зума да бар.

Олар Меккеге барған суреттерімен әлеуметтік желіде бөліскен.

Француздық жартылай қорғаушы аталмыш суретіне:

"Өмірдің басты нәрселерін ешқашан ұмытпаңыздар" - деген жазба қалдырған.

Умраға аттанған спортшылардың қатарында ресейлік хоккейшілер де бар.

"Ак барс" құрамасының қақпашысы Эмиль Гарипов пен команда қорғаушысы Альберт Яруллин де парыздарын өтеу үшін, Меккеге аттанған.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel