Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тылсым құбылыс: Ер азаматтың суреті желі қолданушыларын шошытты

Опубликовано:

Reddit әлеуметтік желісінің BeardoGREG атты қолданушысы отбасымен түскен суретті желіге жүктеп, 35 мың лүпіл жинаған. Алайда отбасылық суретте ер азаматтың аяқсыз денесі бейнеленген. Аталған сурет желі қолданушыларының зәресін ұшырды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: reddit/BeardoGREG
Фото: reddit/BeardoGREG: UGC

Желі қолданушылары тылсым суреттің мәнін түсінуге тырысты. Олар өздерінің түрлі қызықты нұсқаларын ұсынып жатты.

Мәселен, оқырмандар сурет түсіру кезінде отағасына зеңбірек атылды деген болжам жасады.

Әлеуметтік желіні тік тұрғызған суреттің мәнін ер азамат өзі түсіндірді. Оның сөзінше, ол аяғын кеңге салып, қолын тізесіне қойған. Ал қолын алдында тұрған балалар жауып қалған екен.

Алайда желі қолданушылары осындай мәлімдемеден кейін де қалай ғана суреттің осылай шыққанын түсіне алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795213-tylsym-kbylys-er-azamatty-sureti-zeli-koldanusylaryn-sosytty/

pixel