RU
Алматы облысында мектеп оқушысы өзінің ұрланғанын хабарлаған

Алматы облысында мектеп оқушысы өзінің ұрланғанын хабарлаған

Рассказать Вконтакте

20 мамыр күні құтқару қызметіне белгісіз біреу қоңырау шалып, "мені ұрлады" дегеннен кейін байланыс үзіліп кеткен. Полицей қызметкерлері қоңырау шалған адамның 4-сынып оқушысы екенін анықтай алған деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ia41.ru

Фото: ia41.ru

Ол уақытқа дейін полиция қызметкерлері ҚР ҚК 125-бабына сәйкес "адам ұрлау" бойынша іс қозғап, іздестіруді бастаған.

Санаулы сағаттарда қоңырау шалынған жерді анықтау мүмкін болды. Бұл Алиматы облысы Райымбек ауданының Текес ауылы болып шықты.

Алматы облысы полициясының жеке құрамының күштері көтеріліп, тергеу жұмыстары жүргізілді. Сол себепті қоңырауды Текес ауылындағы мектептің 4-сынып оқушысы шалғаны анықталды.

Қыз полиция қызметкерлеріне ата-анасының көзінше, құтқару қызметіне кездейсоқ хабарласқанын және өзінің ұрлығы туралы жалған хабарлама жасағанын айтқан.

Осылайша, баланы ұрлау туралы хабарлама расталмады.

Сіздің реакцияңыз
3
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel