RU
Димаш жеке концерті қарсаңында Қазақстанға оралды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш жеке концерті қарсаңында Қазақстанға оралды

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтандағы шоуға дайындық үшін Қазақстанға оралғаны туралы жанкүйерлерін хабардар етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен Қазақстанға ұшып келдім! Жаңа Arnau" атты шоуыма жұмыс істейтін боламыз. 29 маусым "Астана Арена" стадионында бірге ән саламыз", - деп жазды ол.

Айта кетелік, 30 мың көрерменге арналған "Астана Арена" стадионы Димаштың 15 мемлекеттен келе жатқан жанкүйерлерін сыйдыртуы керек.

Дәл осы жерде әншінің "Бастау" атты алғашқы жеке кеші өткен болатын.

Сонымен қатар, жанкүйерлер Димаштың әлеуметтік желілердегі парақшасына шоуды тағатсыздана күтетіндерін жазып, ізгі тілектерін жаудырған.

"Арнау-ға билет сатып алдым. Концертке дейін бір бәлеге ұрынбау үшін абайлап тамақ ішіп, баяу жүріп, ешкіммен ұрсыспаймын. Мен бұл музыка мерекесінде болуым керек", "Отаныңа оралуыңмен. Жаңа жобаңа сәттілік тілеймін. "Жаңа әндер мен жобаларыңды күтеміз"
"Барлығымыз "Арнау"-ға өміріміздегі елеулі оқиғаға дайындалғандай дайындалып жатырмыз. Барлығы керемет болады деген сенімдеміз", "Ең алдымен жақсылап демалып ал, туған жеріңнің қуатын ал. Сенің жанкүйерлеріңінің махаббаты сенімен бірге", -деп жазды жанкүйерлер.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel