RU
Томирис Байсафаның ісі бойынша жаңа сараптамалар өткізілмек
Жаңалықтар Қоғам

Томирис Байсафаның ісі бойынша жаңа сараптамалар өткізілмек

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы терезеден құлап қаза тапқан Томирис Байсафаның ісімен айналысып жатқан тергеушілер басты куәгердің берген жауабына күмәнданып қалды. Енді қазақстандық студенттің ісі бойынша жаңа сараптамалар өткізілмек. Бұл туралы марқұмның анасы айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Томиристы құлап кетер алдында бірер минут бұрын көрген басты куәгер ақпан айында жауап беру керек болған. Алайда, студенттен тек бірнеше күн бұрын ғана жауап алынған.

Бойжеткеннің анасы Жанна Ахметованың сөзінше, тергеу органдары марқұмның туыстарына қосымша сараптамалар өткізілетінін хабарлаған.

Олар жауап берген жас жігіттің сөзіне күмәнданып қалғанын жеткізген. Алайда, бұл жағдай студенттің бірінші рет жауап беріп жатқандығынан солай көрініп қалған болуы мүмкін.

Марқұм қыздың анасы алғашқы екі сараптама күмән келтіргендіктен тағы біреуі тағайындалғанын хабарлады. Енді оның нәтижесін күту ғана қалды.

Сондай-ақ, бойжеткеннің отбасы Томиристың өліміндегі басты куәгер Муртузали Меджидов пен марқұм қыздың хат алмасуын тағы бір мәрте тексеруді талап еткен.

Оған қоса, бойжеткен қаза тапқан күні не болғанын егжейлі-тегжейлі анықтау үшін оқиға орнында қайта сараптамалар жүргізілмек.

Айта кетейік, істе осымен үшінші тергеуші ауысқан.

21 жастағы Томирис Байсафа былтыр 13 сәуір күні Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап, қаза тапты.

Ресейдің тергеу комитетінде өз-өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Іс бойынша басты күдікті болып дағыстандық бұрынғы премьер-министрдің 22 жастағы ұлы Муртузали Меджидов танылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel