RU
"Ажал апаны": Таразда бүтін бір ауыл тұрғындары ашық жатқан кен орнынан жапа шегуде

"Ажал апаны": Таразда бүтін бір ауыл тұрғындары ашық жатқан кен орнынан жапа шегуде

Рассказать Вконтакте

Тараз маңындағы Құмшағыл ауылының тұрғындары ашық жатқан кен орнына қатысты өз наразылығын білдіруде. Жергілікті халықтың айтуынша, шағал тас өндіретін кәсіпорын аумағы нағыз "ажал апанына" айналған. Ашуға булыққан халық терең құздан адам да, мал да мертігіп жатқанын айтып, мекеме басшысынан биік бекініс салуды талап етіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: видеодан кадр/КТК. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/КТК. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ауыл іргесінде орналасқан карьер жергілікті халықтың бас ауруына айналып отыр. Олардың сөзінше, шағал тас шығаратын кен орнының бүгінде көлемі ұлғайып, табаны да тереңдей түскен.

Жазатайым оқиғалардан жаны түршіккен ауыл тұрғындары, қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін кәсіпорын аумағын мықтап бекітуді талап етуде.

Ашық жатқан кен орны ел үшін аса қауіпті жер болып кетті. Көпшілік әсіресе балалардың өмірі үшін алаңдауда. Себебі, ойын баласы құздан құлап кетуі мүмкін. Анықталғағндай мұндай қайғылы жағдай бір емес, бірнеше мәрте болыпты.

"Өзімнің туған інім кетті. Бір емес 4-5 рет өлік болды. Малда енді есеп жоқ. Жылда кетіп жатыр. Былайша айтқанда мынау Құмшағалдың көрі" , - деді Өркен Бабашев есімді ауыл тұрғыны.

Қайғылы оқиғалар жиілеп, мал шығыны арта бергендіктен, жергілікті халық шу көтерген. Олар кәсіпорын басшысына аумақты қоршауды талап еткен. Алайда, халық наразылығына ешкім құлақ аспаған.

Тұрғындардың наразылығына пікір білдірген кәсіпорын өкілінің сөзінше, қаржат тапшылыған байланысты тоқтап қалған карьерді қоршау жұмысы осы жазда жалғасын таппақ.

"Учаскенің бір бөлігіне қадалар қадап қойғанбыз. Қоршау жұмысын бірнеше жыл бұрын бастаған едік. Бірақ кейін қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалды. Енді тамызға дейін аяқтаймыз деген ойдамыз" , - дейді кәсіпорын өкілі Эльдар Вафин

Алайда, ауыл тұрғындары кен орны өкілінің бұл уәдесіне сенбейтінін алға тартып, биліктен жағдайды өз бақылауына алуды сұрап отыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
5
2
2
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel