RU
"Бұл жағдайға Димаш жеткізді": Украиналық тұрғын қазақ халқына деген ықыласын білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бұл жағдайға Димаш жеткізді": Украиналық тұрғын қазақ халқына деген ықыласын білдірді

Рассказать Вконтакте

Украина тұрыны Галина Вильвовская қазақ халқы жайлы ойымен бөлісті. Ол қазақстандықтардың жақсы қасиеттерін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Галина Вильвовскаяның жазбасы Facebook әлеуметтік желісіндегі Dimash Qudaibergen FC Ukraine парақшасында жарияланды.

Әйел адам барша қазақ жұртына сүйіспеншілігін білдірген. Ол бұл сезімге қазақ феномені Димаш Құдайберген жеткізгенін атап өтті.

"Қымбаттылар, кешіріңдер. Менің жаным қазақ халқына деген мхаббатын білдіруді сұрап тұр. Мені мұндай жағдайға Димаш Құдайберген жеткізді. Себебі, ол көз ала алмайтын, құлақтың құрышын қандыратын, жүрек пен ақылға шынайы бақыт әкелетін нағыз Қазақ Қазақұлы", - деп бастады ол.

Вильвовскаяның сөзінше, қазақстандықтар муызкаға жақын әрі талантты халық.

"Бірақ ең бастысы-даналық, ақыл-ой, сыпайылық жан мен интеллигенттіктің кеңдігімен үйлесетін қасиеттерге ие", - деп жазды әйел адам.

Гадина Вильвовскаяның бақылауы бойынша, қазақстандықтар өз ерекшеліктерін ұмытпай, басқа елдер мен халықтардың мәдениетін жақсы қабылдайды.

Сонымен қатар, оның айтуынша қазақстандықтар кешірімді. Ал бұл қасиетке ие болу көптің қолынан келе бермейді.

"Қазақтар өкпе-реніштерін басқарып, оларды мейірім мен жомарттыққа айналдырады. Бұл ғажайыптың сыры неде екенін айтса, жақсы болар еді", - дейді ол.

Одан бөлек, Галина Вильвовская қазақтардың балаларға деген махаббатына таң қалған.

"Олар балаларын еш қаталдықсыз, мейіріммен, бірақ тәртіпті етіп өсіреді. Ең бастысы-нәзік! Маған Қазақстанда балаларды өз жастарына сай киіндіретіндері ұнайды", - деп атап өтті тұрғын.

Қорытындылай келе, Галина Вильвовская "Димаштың нағыз жанкүйерлері өз халқына деген махаббатты ұмытпаса да, көп уақыттан бері қазақтарға айналып кеткенін" атап өтті.

"Бірақ, өзінің ұлы қасиеттеріне қоса, Димашты әлемге сыйлаған қазақ халқымен қарым-қатынасты елестетудің өзі керемет!", - деді Вильвовская.

Бұл жазбаның астына қазақстандықтар жүздеген жағымды пікір қалдырған. Көпшілігі украиналық тұрғынның қазақ халқына деген лебізі үшін алғыс білдірді. Желі қолданушылардың көп бөлігі Димаштың әлем бойынша миллиондаған адамды жақындастырғанын айтты.

"Димашқа рахмет! Ол ел арасындағы шекараларды бұзып, халықтарды жақындастыратын әртіс. Оны Алла Жерде өз даусымен, сұлулығымен және сымбатымен қуантып, миссиясын орындау үшін жіберген. Ең бастысы, адамдар оның қарапайымдылығы мен кішкентай балаға тән жүрегі үшін жақсы көреді. Ол нағыз алмаз",
"Менің ойымша, өмірін Димашпен байланыстырған көп адам осындай сезімде сияқты. Сол себепті, мен Димаш туралы тек "әндердің әншісі" ретінде емес, өз халқының әншісі, өз халқы мен еліне, түп-тамыры мен тарихына, сондай-ақ, дәстүріне ғашық әнші ретінде жазғым келеді",
"Димаш- тек басқаларға емес, өзіміз-қазақтар үшін де ғажайып",- деп жазған желі қолданушылары.

Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Премиумді Tele 2 мен ALTEL операторлары арқылы су тегін алыңыз. Толығырақ>>>

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel