RU
Сахнада тыңдармандарын құшағына алған Оразымбетоваға ел сүйсінді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сахнада тыңдармандарын құшағына алған Оразымбетоваға ел сүйсінді (видео)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда өткен концертте кішкентай тыңдармандарын құшағына қысқан Гүлнұр Оразымбетова жұртты сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзінің видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

Өнер иесі сахнаға жүгіріп шыққан кішкентай бүлдіршіндерге шашуды теріп алуды тапсырды.

"Мына жердегі конфеттерді тезірек теріп алыңыздаршы. Тез-тез. Шашу ғой. Шашуды теріп алыңдар. Осы әжелеріміз бен аталарымыздың жасын берсін", - деді сахнада тұрған әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің мейірімділігіне риза болған.

"Керемет", "Алла разы болсын", "Бақытты болыңыз", "Тек ақ жол тілейміз", "Гүлнұр әрқашан биік әрекеттер жасайсың". "Өлеңші, әртістер өздері ғана емес, халықты жұбатып, өлең айтқызып, билетулері керек. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы жаман емес. Әлі де іздену керек" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Гүлнұр Оразымбетова ержетіп қалған ұлдарын көпшілікке көрсеткен болатын.

Сондай-ақ әнші бір сұхбатында өзінен 21 жас үлкен күйеуімен қалай бас қосқанын ашып айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel