Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік азып-тозған әйелдің аянышты үндеуі жұртты шошытты

Опубликовано:

Шымкентте 22 жастағы Александра Песецкая төрт ай бойы ауруханада жатыр. Келіншектің сөзінше, ол дәрігерлер қателігінен төсекке таңылған. Нақтырақ айтқанда, ақ халаттылар әйелден соқыр ішекті анықтай алмай, ота жасаған. Содан бері ол адам танымастай өзгеріп кеткен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ 31 арна
Фото: Видеодан кадрлар/ 31 арна: Twitter

Көзіне жас алған келіншек дәрігерлер өзінен соқыр ішек анықтай алмағанын, осы жағдайға ақ халаттылар қателігінен түскенін айтқан.

Александраның іш тұсындағы аурулары ақпанның ортасында байқалыпты.

"Ауруханаға бардым. Онда маған жай гинекологиялық тұрғыда суық тигенін айтты. Үшінші күні енеммен бірге барғанда тағы да солай қайталады", - дейді ол.

Осылайша, медицина қызметкерлері Александраға ем қабылдау қажеттігін айтып, дәрілер жазып берген.

Ауруханаға асқынған аурумен түспес бұрын әйелдің туыстары бірнеше рет жедел жәрдем шақырған екен.

"Жедел жәрдемді төрт рет шақырдық. Екі рет бір қыз келді. Екпе салды. Жағдайым кішкене жақсарғанымен, ауырып тұрды", - дейді Александра.

Келіншекті ауруханаға апару туралы шешімді тек төртінші бригада қабылдаған. Хирургтар науқасқа іріңді перитонит деген диагноз қойған. Қарапайым сөзбен айтқанда, Александраны гинекологиялық аурудан емдеп жатқанда соқыр ішек жарылып кеткен екен.

"Мұндай асқынулардың 90 пайызы өліммен аяқталады. Ол ғажайыптың күшімен аман қалды деуге болады" ,- дейді қалалық аурухананың бас дәрігері Ибрагим Ташев.

Бүгінде Александраның төсекке таңылғанына төрт ай болған. Үйде келіншекті бір жарым жасар баласы күтуде.

Дұрыс ем қабылдау үшін ол қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап, көмек сұраған. Осылайша, келіншек туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы білген екен.

"Бес адамнан комиссия құрылды. Тәжірибелі мамандар. Олар науқастың жедел жәрдем шақырғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі бағытын сараптайды", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Шенеуніктің айтуынша, денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов Александраның жағдайынан хабардар. Қазіргі уақытта оның Нұр-Сұлтанға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795269-symkenttik-azyp-tozgan-jeldi-aanysty-ndeui-zrtty-sosytty/

pixel