Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"320 мың теңге": Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Опубликовано:

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды. Анықталғандай, осы жылдың бастапқы үш айында ішінара тексеру нәтижесінде тоғыз миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Елімізде жұмыс істейтін тұрғындардың басым бөлігі, 7 млн астам адам жалдамалы жұмысшылар.

Осы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар көбінесе сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, өндіріс пен білім беру саласында еңбек етті.

Мемлекетте орташа жалақы мөлшері 167 мың теңгеден асып түсті. Ең төмен айлық 42,5 мың теңгені құраған.

Ал ең жоғары жалақыға қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері ие болды. Олардың табысы айына 320 мың теңгеден көп болып шыққан.

Кәсіби, ғылыми және техникалық өндіріс саласында еңбек ететін мамандар 300 мыңға жуық жалақы алады. Сонымен қатар ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтіндер 250 мың теңгеден көп жалақы алатыны белгілі болды.

Бұл тоқсандағы ең төменгі айлық табыс денсаулық сақтау, ауыл, орман және балық шаруашылығында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795277-320-my-tege-kazakstanda-e-zogary-zalakyny-kimder-alady/

pixel