RU
Данияр Елеусінов Головкинмен арадаға дауға қатысты пікір білдірді

Данияр Елеусінов Головкинмен арадаға дауға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Боксшы Данияр Елеусінов отандасы Геннадий Головкинмен арада туындаған мәселеге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Данияр Елеусінов соңына дейін 8 маусымда Головкин-Роллс андеркардында жекпе-жек өткіземін деп ойлаған. Алайда, кездесудің уақыты 25 мамырға ауысып, оның жоспарларын мүлде өзгертіп жіберген.

"Соңына дейін сегізінші маусымда жұдырықтасамыз деп ойладық. Қазақстандықтар үшін бір бокс кешінде бірнеше отандасын көру нағыз мейрам болатын еді. Алайда, жекпе-жек белгіленген уақыттан ерте өткізілетін болды. Сол себепті, шұғыл түрде салмақ қуып, қарсыласты ауыстыруға тура келді. Менімен сегізінші маусым күні жекпе-жек өткізуі керек болған қарсылас 25 мамырда шыға алмайтын болды. Сол себепті, қысқа мерзімде жаңа қарсылас іздеуге тура келді. Оған қоса, спаррингтерді де ерте бастауға мәжбүр болдым.
Мен бәрібір салқынқанды болып қала беремін. Қандай жағдай болса да, барлығы жақсылыққа апарады. Менің көздегенім-жеңіс. Әрине, белгіленген мерзімнен екі апта ерте жұдырықтасатыным аздап ыңғайсыздау. Біреулер мені GGG атын жамылып, өзіне пиар жасап жүр деп жатыр екен. Шын мәнісінде маған оның қажеті жоқ. Менің өз аудиториям, өз жанкүйерлерім, Қазақстан халқы бар. Мен мұндай пиарға мұқтаж емеспін" , - деді боксшы.

Елеусінов Геннадий Головкин бұл әрекетімен өз абыройына сызат түсіргенін жеткізді.

"Жаман нәрсе айтқым келіп тұрған жоқ. Біреуді қаралау ойымда да болмаған. Меніңше, Головкин осы әрекеті арқылы өз абыройына нұқсан келтіріп алды. Мен оған жеңіс пен сәттілік тілеймін. Қалай дегенмен ол менің отандасым. Біздің Қазақстанды танытып жүр.
Оның сөздерінен ұққаным, ол менің бұрын айтқан, БАҚ-тағы мәтіндерден кесіп алынған сөздеріме ренжіген болуы керек. Алайда, ол менімен Нью-Йоркте өткен кездесуде жеке сөйлесуіне болар еді. Мен оған ренжімеймін. Менде бәрі жақсы. 25 мамырға дайындалып жатырмын. Бар ойым сол күн туралы" , - деді Данияр Елеусінов.

Оған қоса, отандық спортшы GGG андеркардында өз орнын басқан өзбек боксшысы жөнінде де айтып өтті.

"Ал менің орныма қойылған өзбекстандық боксшы Мадридовтың бұл мәселеге түк қатысы жоқ. Ол өте жақсы әрі мықты жігіт. Оны әуесқойда жүргенімде екі мәрте жеңгенмін. Ол бар болғаны мені алмастырды" , - деді боксшы.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусіновтің 8 маусым күні Нью-Йорктегі Головкин-Роллс андеркардында өнер көрсетпейтіні белгілі болған еді. Елеусіновтің менеджерінің сөзінше, мұны GGG қаламаған.

Сіздің реакцияңыз
14
1
2
3
0
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel