RU
"Қазақтың жаман жері": Еспанов ең алғашқы клипі үшін елден оңбай сөз естіген

"Қазақтың жаман жері": Еспанов ең алғашқы клипі үшін елден оңбай сөз естіген

Рассказать Вконтакте

Нұрлан Еспанов NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында осыдан 20 жылға жуық уақыт түсірілген ең алғашқы бейнебаяны жайлы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Медеу Арынбаевпен бірлесіп түсірген "Жан әке" атты бейнебаяны үшін адамдардан сын естігенін айтып берді.

"Осы бейнебаянды түсіріп келгенде, маған қаншама пікірлер айтты. "Нұрлан, сендер неге қазақтың жаман жерлерін түсіресіңдер? Сол мал қора... Неге әбіржітіп?! Қазақтың неге жаман жерлерін көрсетесіңдер? Қазақта да небір әдемі аталар бар ғой. Қазақтар да әдемі үйде тұра алады ғой. Неге соларды түсірмейсіңдер?" деді.

Шынымен ойланып қалдым. Бірақ басында бейнебаян түсірер уақытта маған ақыл айтар ешкім болмады. Мен сол жайлы ойланбаппын. Осы жайлы бір кісі айтты.

Сол кезде осы бейнебаянға 6 мың доллардай бердік. Клипті Ташкент қаласында түсірдік", - деді Нұрлан Еспанов ағынан жарылып.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel