RU
БАҚ: Эриксен Чемпиондар лигасының финалынан кейін "Реалға" келеді

БАҚ: Эриксен Чемпиондар лигасының финалынан кейін "Реалға" келеді

Рассказать Вконтакте

"Тоттенхэм" клубы мен Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен Чемпиондар лигасының финалынан кейін мадридтік "Реалға" ауысады деп күтілуде. Бұл туралы Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, ауысым туралы Чемпиондар лигасының финалынан кейін айтылады. Еуропаның үздік турнирінің ақтық мәресінде лондондық клуб "Ливерпульмен" кездеспек.

"Тоттенхэм" басшылығы бұрынғы ойыншысы Гарет Бэйлді қайтарып алғысы келмейтінін хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ беттерінде Эриксен мен корольдік клубтың шабуылшысын ауыстырып алу туралы ақпарат тарады.

  • Чемпиондар лигасының финалы Мадрид қаласында 1 маусым күні өтеді.
  • Эриксен лондондық клубқа 2014 жылы келді.
  • Англия чемпионатының 2018/19 маусымында Кристиан 35 ойында 8 гол соғып, 12 нәтижелі пас шығарды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel