RU
63 келі салмақ тастаған бойжеткен құпиясымен бөлісті

63 келі салмақ тастаған бойжеткен құпиясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

О баста 120 келі болған австралиялық бойжеткен 63 келі салмақ тастап, арықтау үшін қандай қадамға барғанын айтты деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Австарлияның Квинсленд қаласының тұрғыны Джозефин Десграндтың салмағы 120 келіні құраған. Бойжеткен тәттіге құмартып, артық салмақтан жапа шеккен.

"Мен үнемі толық болатынмын. Менің отбасым жақсы тамақтанғанды ұнатады. Сол себепті ас үйдегі сөреде печенье мен шоколад табуға болатын еді. Алайда бір күні мен айнаға қарап, өзімнің үш есе үлкейіп кеткенімді байқадым. Салмақ тастауға тырысқаныммен тәттіге деген құмарлығым мақсатыма жетуге кедергі келтірді",- дейді ару.

Алайда Десгранд тығырықтан шығудың жолын тапқан. Ол әркез құрамында қанты бар өнімді тұтынғысы келген кезде жалбыз шайнаған.

Сондай-ақ, бойжеткенге әлеуметтік желідегі жігерлендіретін жазбалар көмектескен.

Қазір Джозефин 19 жаста. Ол қазіргі салмағын үш жыл ұстап тұрған. Артық салмақтан айырылған ару фитнес-блогер атанды. Бүгінгі таңда оның жеке блогын 130 мың адам оқиды.

"Суреттегі қыздың мен екеніне сене алмаймын. Қазір жағажайдың жанында тұрамын. Бұрын далада 30 градус ыстық болса да, жеңі ұзын көйлектер киіп шығатынмын. Бүгінде денеме көңілім толады. Қысқа көйлектер мен топтар, леггинс кигенді ұнатамын", - дейді Десгранд.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel