RU
Тоқаев ақтөбелік дәрігерлерден үлгі алуға шақырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев ақтөбелік дәрігерлерден үлгі алуға шақырды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап жүр. Президент ақ халатты жандармен кездесіп, өңірдегі медицина саласының дамуына жоғары баға берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: КТК арнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: КТК арнасы

"Бүгінде нейрохирургия, балалар кардиологиясы, трансплантология және басқа да медициналық қызмет түрлері осы орталықта көрсетіледі. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына бармай, шетелге шықпай өңір тұрғындары осы жерде ауруына шипа тауып отыр. Барлық облыс осындай деңгейге ұмтылуы қажет.
Бұған қажетті мүмкіндік бар. Жалпы облыста денсаулық саласында айтарлықтай жұмыс атқарылған, бірқатар жетістіктер бар. Оны атап өту қажет. Сондықтан бүгінгі халықаралық форумның осы жерде өтуі кездейсоқ емес" ,- деді Тоқаев.

Президент дәрігерлердің алдына халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру міндетін қойды.

"2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасында қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру мен медициналық-санитарлық алғашқы көмекке бөлінген қаржы көлемін 60 пайызға жеткізіледі.
Денсаулық сақтау саласында адам капиталын дамытуға және дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе арттыру үшін де қаржы қаралған. Ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығы 2025 жылы 75 жасқа жеткізу көзделген. Осы арқылы біз Қазақстанның табысты болашағы мен дені сау ұлтын қалыптастырамыз", - деді мемлекет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel