RU
Ақтауда зиянкестерді улаған тұрғындарды эвакуациялауға тура келді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда зиянкестерді улаған тұрғындарды эвакуациялауға тура келді

Рассказать Вконтакте

Ақтауда үйді зиянкестерден тазартпақ болған тұрғындар 15 адамның, оның ішінде төрт баланың эвакуациялануына әкеліп соқты. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтауда үйді зиянкестерден улаған үйден тұрғындарды эвакуациялауға тура келді

Фото: lada.kz

Оқиға 21 мамыр күні болған.

"101" нөміріне үшінші ықшамауданында орналасқан №20А көпқабатты үйдің кіре берісінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерлердің бірінен шығып жатқан тұншықтырушы түтінді анықтаған. Адамдар тарақандарды улап жатқан екен.

Ақтауда үйді зиянкестерден улаған үйден тұрғындарды эвакуациялауға тура келді

Фото: lada.kz

Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялап, зиянкестерді улайтын заттарды өртеген екі шелекті алып шыққан.

Ақтауда үйді зиянкестерден улаған үйден тұрғындарды эвакуациялауға тура келді

Фото: lada.kz

Пәтердегі және үй қабаттарындағы терезелер ашылған.

"Пәтерде дезинсекция жүргізгенде абай болыңыздар. Тарақан мен қандаланы уламас бұрын үйдегі тұрғындардың бәріне хабарлаңдар. Аудандағы учаскелік полицейлерді, басқарушы компания өкілдеріне ескертіп, 101-ге қоңырау шалып қойыңыз. Аса улы препараттарды тұрғын үйлерде қолдануға болмайды. Олар улану мен аллергияға себеп болады", - деді Маңғыстау облысы өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары департаментінің баспасөз хатшысы Рукия Сычева.

Еске сала кетейік, жыл басында Ақтауда қандаланы улау кезінде 6 жастағы бала қайтыс болған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel