RU
Президент: Меморганның cылбырлығынан бірде бір азамат зардап шекпеу керек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президент: Меморганның cылбырлығынан бірде бір азамат зардап шекпеу керек

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру бойынша жұмысты үкіметке осы жылдың қазан айына дейін бітіруді тапсырды. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың cылбырлығынан бірде бір азамат зардап шекпеу керектігін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде бірқатар проблемалар бар екенін Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметі президенттің бірақатар сөздерін жариялады, онда медициналық қызмет сапасы және жақында аяқталуы тиіс цифрландыру процесі туралы айтылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық азаматтары тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмекке еркін қол жеткізуге тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Тоқаевтың сөзінше, медициналық мекемелер жақын жерде болуы керек.

Мемлекет басшысы жазбасының бірінде медицина қызметкерлерінің мәртебесі бойынша жұмыс істеу керектігін алға тартты.

Президент кейбір медициналық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға дейін артатынын еске салды.

Бұдан бөлек, ел басшысы алдағы жылдары жеті аймақты жаңа медициналық ұйымдардың пайда болатыны туралы айтты.

Тоқаев студенттер оқитын медицина факультетінің білім сапасына да назар аударды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel