RU
"Клубқа барамыз": Астаналық түлектер соңғы қоңырауда көңіл көтеретіндерін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Клубқа барамыз": Астаналық түлектер соңғы қоңырауда көңіл көтеретіндерін айтты

Рассказать Вконтакте

Елімізде бірнеше күннен кейін соңғы қоңырау шалынып, түлектер он бір жыл оқыған мектептерімен қош айтыспақ. Аталмыш күнді асыға күтетін астаналық оқушылар 25 мамырды қайда және қалай атап өтетіндерін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: mykharkov.info

Көрнекі фото: mykharkov.info

Елордадағы бірнеше мектептің түлектерінен блиц-сауаланама жүргізген KAZ.NUR.KZ тілшісі олардың соңғы қоңырау жайлы пікірін тыңдап қайтты.

Осылайша "25 мамырды өткізу жоспары қандай?" деген сауалға блиц-сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі "Қыдырып, клубқа барамыз" деп жауап берді.

"Өміріміздегі ерекше күн болғандықтан, ол күнді өзімізге арнауды жөн көріп отырмыз. Мысалы қыдырып, көңіл көтеретін шығармыз.
Лимузин жалдап, елді шулатпаймыз, жай клуб жалдап, сонда таңға дейін боламыз. Ата-аналарымыз да оған рұқсат берген", - дейді отүлектердің көпшілігі.

Олардың арасында соңғы қоңырауда елорда іргесіндегі Бурабайға баратындар да табылды.

"Мектеп кеші болмайды, оның орнына осылай 25 күні көңіл көтермекпіз. Сол себепті ата-аналарымызбен бірге Бурабайға барамыз деп шештік. Жоғары оқу орнына түсу керек. Сондықтан 25-26-сымен бәрін бітіреміз деп отырмыз. Сыныпта кілең оқу озаттары, бәріне сәттілік тілеймін", - дейді жас жеткіншектер.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылар арасында әр түрлі жауап қайтарғандар да болды.

"Білмейміз", "Әзірге жоспар жоқ", "Қаланы аралаймыз", "Ата-анамызбен мейрамханаға барамыз", - деп жауап берді олар.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel