RU
Қазақстанда алдағы тәуліктерде -3 градусқа дейін күн суытады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда алдағы тәуліктерде -3 градусқа дейін күн суытады

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер елімізде 23-25 мамыр аралығында қандай ауа райы болатынын айтты деп хабарлайды РМК "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: claimside.com

Көрнекі фото: claimside.com

Синоптиктердің ақпараты бойынша, Республиканың батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды.

Мамандар осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болатынын алға тартты.

Сондай-ақ, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауатынын жеткізді.

"Ауа температурасы климаттық нормадан 2...6°С төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді", - деді ауа райын болжаушылар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel