Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев балабақша мәселесін әлі күнге шешпеген ақтөбеліктерді ұялтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барған жұмыс сапарында өңірдегі білім саласындағы олқылықтарды атады. Халық саны 500 мыңға толмайтын қалада 26 мың бала балабақша кезегінде тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: Ақорда, pixabay
фото: Ақорда, pixabay: Facebook
"Сапалы білім қолжетімді болуы тиіс. Біз ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасына баса мән береміз. 2022 жылға дейін апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешеміз.

Ақтөбе облысында 13 үш ауысымды және 3 апатты жағдайдағы мектеп бар. Балабақшалар саны әлі де аз. Ақтөбе қаласының өзінде 26 мың бала кезекте тұр.

Облыс әкіміне осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын",-деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы аймақта цифрландыру көрсеткішінің төмен екенін атап өтті.

"Ақтөбе өңірінде шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Соған байланысты облыс басшылығына қажетті шара қабылдауды тапсырамын.

Тұрғындардың еңбекақысы қажетті мөлшерден төмен. Облыстағы орташа жалақы – 141 мың теңге. Ал республика бойынша 168 мың теңге. Бұдан бөлек бірқатар аудан тұрғындарының табыс көлемінде айтарлықтай айырмашылық бар. Облыс басшылығы аталған теңсіздікке жол бермей, қажетті шараларды қабылдау міндет.

Бұл әрине күрделі мәселе. Оны бір күн, бір апта, бір айда шешу мүмкін емес. Бірақ бәрібір шешімін табу керек. 1 маусымнан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Жеке кәсіпорындар да осы үрдістен тыс қалмауы керек. Олар да қызметкерлерінің жалақысын арттырып, жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуі тиіс", -деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Әбілқайыр ханның, Қобыланды мен Есет батырдың, Әйтеке мен Мөңке бидің киелі мекені саналған Ақтөбе қаласының 150 жылдығымен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795423-tokaev-balabaksa-mselesin-li-knge-sespegen-aktbelikterdi-altty/

pixel