RU
Оралдық полицейлер әжетханадан 17 миллион теңге тауып алды
Жаңалықтар Қоғам

Оралдық полицейлер әжетханадан 17 миллион теңге тауып алды

Рассказать Вконтакте

Орал қаласы тұрғынының жоғалтып алған 17 миллион теңгесін полиция қызметкері әжетханадан тауып берді деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

фото: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі оқиға 20 мамыр күні орын алғанын айтты.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, оралдық тұрғын сағат 16.30-да 102 телефонына хабарласып, үйінде тығып қойған 17 миллион теңгесінің жоғалып кеткенін жеткізген.

Ведомство Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы ақшаны іздеуге кіріскенін алға тартты.

"Техник-криминалист, полиция сержанты Ғайнеден Ғұмаров әжетханаға кіріп, мұқият қараған кезде пакетті көзі шалады. Ол жерде оралдық тұрғынның 2006 жылдан бері үй аламын деп жинаған қаржысы салынған екен", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Кейінірек ер азаматтың ақшасын қайда жасырғанын ұмытып қалғаны белгілі болды.

Ол қаржысы ұрланып кетті деп ойлап, полицияға хабар беріпті.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel