RU
Алматы облысында ер адам 11 жастағы оқушыны ұрлап кетіп, қарызын талап еткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында ер адам 11 жастағы оқушыны ұрлап кетіп, қарызын талап еткен

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 11 жастағы оқушыны ұрлап кеткен азамат ұсталды. Күдікті мектептен шыққан жасөспірімді әкең күтіп отыр деп алдап, ертіп кеткен. Сосын ата-анасына хабарласып, ақша талап еткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: Lenagold

Көрнекі фото: Lenagold

Күдіктінің айтуынша, ұрланған қыз баланың әкесі ақша берешек болыпты. Арам оймен қарызын қайтарудың жолын іздеген азамат осылайша есеп айырысуды көздесе керек. Тіпті ата-анасына хабарласып, тез арада қажетті қаржыны тауып беруін талап етіпті.

"110 мың теңге сұрады. Қаражатты 1 сағаттың ішінде карточкаға аудару керектігін айтты. Тәртіп сақшылары іске кіріспегенде, қызымды қандай жағдай күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты", - дейді ұрланған қыздың анасы Ләззат Қуанов.

11 жастағы оқушы қыздың әкесі мен күдікті өзара таныс болған соң, алғашында кепілге алынғанын білмепті. Ал қылмыстың ізін ашуға Қарасай ауданының полицейлері түгел жұмылдырылған.

Іздестіру шаралары бойынша күдікті тұлға аудандағы ірі супермаркеттің бірінде екені анықталған.

Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған оқушы аман-есен ата-анасына қайтарылып, қызымен қауышқан ата-ана жедел қимылдаған тәртіп сақшыларына алғысын білдірген.

Полицияның айтуынша, күдікті адам ұрлау дерегі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel