RU
"Кішкентай қаһарман": Семейде екінші сынып оқушысының қайсарлығына ел таңдай қақты
Жаңалықтар Қоғам

"Кішкентай қаһарман": Семейде екінші сынып оқушысының қайсарлығына ел таңдай қақты

Рассказать Вконтакте

Семейде №40 орта мектептің екінші сынып оқушысы ашық жатқан су қоймасына құлап кеткен төрт жасар баланы құтқарып қалған. Виктор Новоселовтің ерлігі жайлы Instagram-дағы Семей қаласының білім бөлімі парақшасында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 19 мамыр күні қаладағы үшінші Лодочной ауданында болған. Белгілі болғандай төрт жасар балақай ашық жатқан су қоймасына құлап кеткен.

Өзге балалар көмек шақыруға жүгіріп кетеді.

Ал Виктор Новоселов бүлдіршінге жүгіріп барып, үлкендер келгенше балақайдың батып кетпеуі үшін оны бар күшімен ұстап тұрған. Себебі тік жыраның салдарынан ол баланы шығара алмаған.

Оқушының қайсарлығына риза болған мектеп басшылығы Викторды бүкіл мектептің алдында мақтап, оған мақтау қағазын табыстаған.

Ал өзі кезегінде желі қолданушылары екінші сынып оқушысын кішкентай қаһарманға теңеп, ержүрек, батыл ұл тәрбиелеп отырған ата-анасына алғысын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel