RU
Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендердің ішінде отандастарымыз болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендердің ішінде отандастарымыз болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер мінген автобус аударылып, бір адам қаза болған. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға орынан фото: Vigili del Fuoco

Оқиға орынан фото: Vigili del Fuoco

"Бастапқы деректерге сүйенсек, жол апатынан зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Оқиғадан он шақты жолаушы әртүрлі жарақат алған, төртеуі ауыр халде жатыр.

Қазақстандық консул Римнен Сиенаға оқиға орнына аттанған. СІМ оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң қосымша мәлімет бермек.

Туристер мінген автобус сәрсенбі күні таңертең Флоренциядан Сиенаға бара жатқанда тас жолдан шығып кетіп, аударылған. Болжам бойынша, автобуста ресейлік туристер болды, деп жазады РИА Новости Ресейдің Италиядағы өкілдігіне сілтеме жасап.

​Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Автобуста барлығы 60 адам болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel