RU
"Еліміздің мақтанышы": Тоқаев Қанат Исламмен түскен суретін жариялады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Еліміздің мақтанышы": Тоқаев Қанат Исламмен түскен суретін жариялады (фото)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында боксшы Қанат Исламмен бірге түскен суретін жариялап, оның алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Еліміздің мақтанышы, қазақтың намысты да қайсар ұлы Қанат Ислам. Алда өткізетін жекпе-жектеріне сәттілік тіледім", - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, жеңіліп көрмеген отандасымыз соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде канадалық боксшы Брэндон Кукке қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Бұл кездесуден кейін Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы бірден үш чемпиондық белбеуге NABA, WBA Inter-Continental және WBO NABO ие болып, алайда ұзақ үзіліске байланысты титулдарынан айырылып қалған еді.

Ал осы жылдың сәуір айының соңында боксшы Instagram парақшасында алда болатын жекпе-жекке дайындықтың бейнеролигімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel