RU
Италиядағы автобус апатынан тоғыз қазақстандық азамат зардап шекті
Жаңалықтар Қоғам

Италиядағы автобус апатынан тоғыз қазақстандық азамат зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Италияның Сиена провинциясында 22 мамыр күні жол апатына ұшыраған туристік автобустың ішінде тоғыз Қазақстан азаматы болған. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Италияда туристік автобус аударылғанынан тоғыз қазақстандық зардап шекті

Фото: "Говорит Москва" телеграм-арнасы

Зардап шеккендердің бесеуі қазір ауруханада екені хабарланды. Олардың қабырғалары, омыртқалары, бұғана сүйектері сынып, көптеген жаратақаттар алған.

Жергілікті дәрігерлер зардап шеккендерді тексеріп, лайықты ем-шаралар тағайындайды.

Төрт адам айтарлықтай жарақат алмаған. Оларды қонақүйге орналастырды.

Қазақстандық дипломат жапа шеккендердің қасында, оқиға жайында туысқандарына хабарланды.

Еске сала кетейік, 22 мамыр күні туристер мінген автобус сәрсенбі күні таңертең Флоренциядан Сиенаға бара жатқанда тас жолдан шығып кетіп, аударылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel