RU
Жанар Хамитова мен Меруерт Түсіпбаеваның ұрысқан сәтінен видео тарап кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Хамитова мен Меруерт Түсіпбаеваның ұрысқан сәтінен видео тарап кетті

Рассказать Вконтакте

Желіде Жанар Хамитова мен Меруерт Түсіпбаеваның сөзге келіп қалған сәтінің видеосы тарады. Желі қолданушылары ұрысып жатқан әншілерді қызу талқылап, жанжалдың туындауына не себеп болғанына қатысты өз болжамдарын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қос әншінің өзара келіспеушілігі Instagram желісіндегі парақшаларда жарияланған. Онда Хамитова Меруерт Түсіпбаеваның сөзін соңына дейін тыңдамай, оған қарсы шығып жатқаны көрініс табады.

"Қарлығаштай қызға тиісіп, сен сүйттің, сен бүйттің дегенше, менің қарным ашып отыр. Мен ондайларды өнерге жабысқан кене деп айтамын" , - деген видеода Түсіпбаева.

Жанар Хамитова әншінің сөзін бөліп, қарсы жауап берген.

"Баймен айырылысқанша, сен ондаймен қадалма маған түсіңдің ба?" , - деп кесіп айтты әнші.

Желідегілер өнер иелерінің ұрысына не себеп болғанына қатысты өз ойларын жарыса айтты.

Оған қоса, олардың бір бөлігі Жанарды жақтаса, енді бірі Түсіпбаеваның пікірін қолдайтынын жеткізді.

"Жанар өзгеріп шыға келді. Шын бейнесін көрсетті" , "Түсіпбаеваға осы не жоқ? Үнемі көре алмай отырады біреуді" , "Дұрыс айтады Меруерт. Шындық болған соң, Жанарға осылай әсер етті оның сөздері, жылағысы келіп отыр" , "Жанар жарайсың өзіңді ренжітуге ешкімге мүмкіндік берме" ,
"Меруерт ақыл айтпай-ақ қойсыншы осы" , "Жанар алдыңғы бағдарламада мүлде басқа болған. Енді тіптен өзгерген. Сиви тастап қашатын сияқты мұны" , "Жеке өмірге қатысты ұрысып отырған сияқты ғой" , "Меруерт шығармашылығын сынап жатыр ма? Түсінсем бұйырмасын" , - деп жазуда желі қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз
66
9
7
8
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel