RU
Алсу жанжалмен аяқталған қызының жеңісіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Алсу жанжалмен аяқталған қызының жеңісіне алғаш рет пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік әнші Алсу қызының "Голос.Дети" жобасында жеңіске жетуіне қатысты алғаш рет өз ойын айтты. Ол жанжалмен аяқталған музыкалық додағы даулы жағдай туралы пікір білдірген. Оған қоса, өнер иесі қайтадан өткізілгелі жатқан финалға Микелланың қатысуы туралы тың мәліметпен бөлісті деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Микелла Абрамова, Алсу. Фото: instagram.com/miki_fan_abramova

Микелла Абрамова, Алсу. Фото: instagram.com/miki_fan_abramova

Алсу "Голос.Дети" қатысушылары түсініксіз ойынға тап болғанын айтып, бұл сұмдықтың тез арада аяқталатынына үмітті екенін жеткізді.

Музыкалық сайыс басшылығы ақтық сынының нәтижесі жоққа шығарылғаннан кейін, финалды қайта өткізетінін хабарлаған болатын. Онда өткен ақтық сында өнер көрсеткен барша өнерпаз шақыртылмақ. Алсу аяусыз сынның астында қалған қызының қайтадан жобада бой көрсетініне қатысты пікір білдірді.

"Жобаға қатысу жөніндегі шешімді Микеланың өзі қабылдаған. Бұл жолы да қатысу-қатыспауын өзі шешетін болады" , - деді әнші.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды.

Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған еді.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалар әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ, отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel