RU
Бақаева Роза Рымбаеваның арқасында жұмысқа тұрғанын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бақаева Роза Рымбаеваның арқасында жұмысқа тұрғанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Салтанат Бақаева өзінің жұмысқа орналасуына Роза Рымбаеваның көп көмек көрсеткенін ашып айтты. Әнші Алматыдағы театрлардың біріне қайта-қайта барып, жұмысқа орналаса алмаған деп жазады Тимур Балымбетовтің "Шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева, Салтанат Бақаева. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Роза Рымбаева, Салтанат Бақаева. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"4 курста оқып жүргенімізде бізге сабақ беруге Роза Рымбаева келді. Біз аң-таңбыз. Ол кісі жұлдыз, ерекше адам. Қуанышқызы біздің дайындықтарымызда бізбен бірге кешкі сағат 20:00-ге дейін отыратын.

Бірақ ол кісімен жақын сөйлеспегенбіз. Өйткені қорқатынбыз. Содан кейін мен ешқашан ол кісінің ерекше ойы барын байқамаппын. Бәрімізді бірдей көретін.

Сөйтіп оқуды бітіріп, жарты жылдан кейін Әуезов театрына бардым. Алайда мені үш ретте де қабылдамады.

Сосын мен "Үш рет бардым. Мені алмады. Демек мен басқа жақтан өзімді іздеуім керек" деп шешім қабылдадым. Кейін мен жарты жыл бойы менеджер болып жұмыс істедім", - дейді Салтанат Бақаева.

Әнші жалақысы аз болғандықтан тіпті мейрамханаларға жұмысқа орналаспақ болған. Алайда дәл сол күні Бақаева жарнамалық роликтің іріктеуінен өтіп, шетелге ұшып кеткен.

Ал түсірілімнен келгеннен кейін академияда ұстазының жағдайын сұрауға барып, халық әртісімен кездесіп қалған.

"Келген соң мұғалімімнің көңілін сұрайын деп бардым. Сол кезде Роза Қуанышқызын көріп қалдым. Ол кісі "Қалай театрда жұмыс істеп жатырсың ба?" деп сұрады.

Сосын мен "Жоқ. Өкінішке орай мені жұмысқа алмады" дедім. Ол кісі таңғалып, дереу басшыларға хабарласты. Мен де таңғалып қалдым.

Маған "Жарайды. Сен бара бер. Жұмыстарыңды істей бер" деді. Кешке мен дайындықтан қайтып келе жатқанда, маған Роза Рымбаева хабарласып:

"Ертең таңғы сағат 9:00-де театрда болуың керексің. Әніңді, бәрін дайында. Ол жақта міндетті түрде қара сөз оқу керек. Мен келе аламын ба, жоқ па қараймын" деді.

Түнімен дайындалып, 09:00-де театр алдына келсем, ол кісі мені 08:30-дан бері күтіп тұр екен.

Содан ол менімен 11:00-ге дейін тыңдалымда жүрді. Сол кісінің арқасында мен қара шаңыраққа жұмысқа кірдім.

Былай қарасаң, мен ол кісі үшін ешкім емеспін", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel