RU
Ресейлік алаяқтар Нұр-Сұлтанда жалған автонөмірлер сатқан
Жаңалықтар Қоғам

Ресейлік алаяқтар Нұр-Сұлтанда жалған автонөмірлер сатқан

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанның қылмыстық полициясы жалған автонөмірлер жасап сататын алаяқтарды тұтқындады. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/ІІМ баспасөз қызметі.

Фото: видеодан кадр/ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция қылмыскерлерді нөмірлік белгіні жасауға тапсырыс қабылдап отырған әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тапқан.

Тәртіп сақшылары онда көрсетілген абоненттік нөмірлердің иесін анықтапты. Жалған автонөмірлерді сатуды кәсіп еткен Қазақстан астанасында тұрып жатқан Ресей азаматы болып шыққан.

Анықталғандай, жалған нөмірлік белгілер Омбы қаласында жасалып тұрған. Онда тұтқындалған ер адамның сыбайласы жұмыс істеген.

Оған қоса, полицейлер елордалық ЖШС қоймаларының бірінде сатылымға дайын болған нөмірлік белгілерді анықтаған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel