Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар $32 жинап берген бойжеткен ота нәтижелерін көрсетті

Опубликовано:

Ота жасатуына отандастары $32 мың жинап берген алматылық ару өзгерген жүзін көрсетті деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар $32 жинап берген қазақстандық ару ота нәтижелерін көрсетті
Мәдина Иманғожанова. Фото: inalmaty.kz: Facebook

Мәдина Иманғожанова өз диагнозын 2012 жылы білген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер бойжеткенде бет невритін анықтаған.

Қандай ауруға шалдыққанын білген ару күйзеліске түскен. Ауру салдарынан бет-әлпеті өзгеріп, бойжеткен жұмыстан шығуға бел буған.

Алайда кейінірек Мәдина бұлай ештеңе өзгертпейтінін түсінген. Оған қымбат ем қажет болды, бірақ оған қаржы жетпеді.

Сондықтан ол өзін қолға алып, қайырымды қазақстандықтардан көмек сұрауға бел буған. Мәдина Кореяның емханаларының бірінде ота жасату үшін ақша жинайтынын жариялады.

Ақша жинауға мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген де қатысты. Ол бойжеткеннің еміне бір миллион теңге аударды.

Қажетті соманы жинағаннан кейін Мәдина Кореяға аттанып, төрт сағаттық ота жасатты.

14 мамыр күні ару Қазақстанға оралды.

Отанына оралған Мәдина, ем нәтижесі жақындары мен әріптестерін таңғалдырғанын айтты.

Бойжеткеннің сөзінше, әлі отадан кейінгі ісік сақталып тұр, себебі ауыстырылып салынған бұлшықтеттердің бітуі үшін уақыт қажет.

Шілдеден бастап Мәдина бетке жаттығу жасауды бастайды, соның арқасында бойжеткен бұдан да сұлулана түсетініне сенімді.

Алматылық ару еміне ақша жинап, қолдау көрсеткен барлық барлық жандарға алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795498-kazakstandyktar-32-zinap-bergen-bojzetken-ota-ntizelerin-krsetti/

pixel