RU
Cара Амангелді бала күнінде Алсудың қызының жағдайын бастан кешкен

Cара Амангелді бала күнінде Алсудың қызының жағдайын бастан кешкен

Рассказать Вконтакте

Сара Амангелді бала күнінде Алсудың қызы секілді жағдайды бастан өткерген. Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипованың қызы "Айгөлек" байқауынан соң "жақынының көмегімен жеңіске жетті" деген сөзге іліккен. Бұл жайында бойжеткен "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптің ашуын тудырған ару содан кейін жарыстарға қатысуды тоқтатқан.

"Қазылар алқасында Мейрамбек Беспаев отырды. Көп кісі отырды ол кезде. Сол кезде плюс қосылып кеткен екен. Бірақ бәрі "жақсы айтып шықтың" деп жатыр. Біз өзіміз де плюс қосылып кеткенін білмегенбіз. "Мен күшті айтып шықтым" деп ойладым.
Осыдан кейін "Маған бас жүлде бермей-ақ қойыңыздар. Осы жақта өнер көрсеткеніме қуаныштымын" деп, бірінші орынды алып кеттім", - дейді Сара Амангелді.

Қазылар алқасында таныстарының болуы, анасының танымалдылығы жарыста көптің наразылығын тудырғаннан кейін Сараға сайыста әнді өз дауысымен қайта орындап шығуға тура келген.

"Негізі байқауларға қатысқанды содан кейін ұнатпай қалдым. Жүрегімде қалып кетті. Қалай айтсам енді, өкпе ма?! Одан кейін ешқандай байқауға барған да жоқпын", - дейді ағынан жарылған Сара Амангелді.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel