RU
Әнші қыздар Көкеевтің өздерін клубта билеуге мәжбүрлегенін ашық айтты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әнші қыздар Көкеевтің өздерін клубта билеуге мәжбүрлегенін ашық айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

"Рахат-Лукум" тобының бұрынғы мүшесі Влада Белая KAZ.NUR.KZ порталына арнайы сұхбат беріп, өзінің музыкалық ұжым құрамына кірмегені туралы айтқан продюсері Ерлан Көкеевтің сөзіне пікір білдірді.

Фото: Instagram/rakhat_lukum_groupe

Фото: Instagram/rakhat_lukum_groupe

Влада Белая танымал продюсермен не себепті келісімшартқа отырмағанын түсіндіріп берді.

"Бірден жауап берейін, ол маған бірнеше мәрте менің құрамда екенімді айтқан болатын. Келісімшартқа шынымен қол қоймадым. Себебі ,онда әртіске сай келмейтін қатаң тәртіптер бар", - деп бастады әңгімесін ол.

"Рахат-Лукум" туралы бар шындықты жайып салған Белаяның жазбасынан кейін, топ продюсері Ерлан Көкеев бойжеткеннің негізгі құрамда болмағаны мен оның сынақ мерзімінде жүргенін айтып ақталған болатын.

Дәлел ретінде ол "Рахат-Лукумның" өткен жылдың соңында шыққан бейнебаянын ұсынды.

"Бұл жерде өкінішке орай ол қыз жоқ. Болуы да мүмкін емес еді" , - деді Көкеев.

Алайда, бойжеткен өзі түскен топтың өзге бейнебаяндары бар екенін айтты.

"Ол кісі жіберген клип, екеуміз алғаш рет танысқан күні түсірілді. Ол кісімен танысуға келгенмін. Яғни, бейнебаян менің көзімше түсіріліп жатты.

Мен ол жерде болдым. Ол менің алғаш келуім болды. Бұл клипте болмауым түсінікті жағдай.

Ол кісі мен бар болған басқа бейнебаянды, немесе "Хабар" мен "Бірінші арнадағы" жаңажылдық түсірілімдерді неге жібермеді? Ол жерлерде мені топтың мүшесі деп атады" , - деді Влада.

Оған қоса, әнші қыз өзінің жұмыстан қуылғаны жөнінде де пікір білдірді.

"Ол менімен ақылдаспай-ақ жұмыстан шығара салды. Бұл хабарды "К7" тобындағы Карина есімді қыз арқылы жеткізді.

Мен бұл әрекетін сыйластықтың жоқтығы деп ұқтым. Себебі, аса ауыр жағдайлардың барлығын; мейрамхананың жабылуы, тапсырыстар тапшылығы, бәрін бірге өткердік.

Ол өз аты берілген мейрамханада қонақтардың болмауына қатты қынжылды" , - деп қоса кетті ол.

Владаның шу тудырған жазбасынан кейін оған "Рахат-Лукумда" өнер көрсеткен өзге әнші қыздар жазған. Танымал топтың бұрынғы мүшелері кезінде өздері де ұқсас жағдайға тап болғандарын айтқан.

"Маған бұрынғы әнші қыздар жазды. Олар да топтағы былық жөнінде жазба қалдырмақ болған. Бірақ, қорыққан" , - деді Влада.

Өз сөзін дәлелдемек үшін Влада Белая топтың бұрынғы мүшесінің жазған хатын суретке түсіріп жіберді.

Алайда, өз шындығын айтқан әнші қыз аты-жөнін жариялағысы келмеген. Ол да бұл жобада өнер көрсеткен кезінде ұқсас жағдайда болғанын жеткізген.

"Бәріміз де ешқандай кастинг пен тыңдалымдарсыз өттік. Бірі келіп, бірі кетіп жатты. Оларға деген қарым-қатынас та сондай болды. Мен ақшам әбден таусылмайынша, ұзақ уақыт бойы өзімді ұстап жүрдім. Себебі, барлығын негізгі жұмыстан шығып, бар уақытын дайындыққа арнауға мәжбүрледі" , - деп жазған бойжеткен.
Влада Белая. Скриншот: Instagram

Влада Белая. Скриншот: Instagram

Топтың бұрынғы әншісі қыздардың көбісін клуб сахнасында өнер көрсетуге ғана емес, мейрамханаға қонақтар тартумен айналысуға мәжбүрлегенін айтты.

"Біз ашулы болдық. Бір жыл солай өтіп кетті. Ешқандай алға жылжу, даму болмады. Пиар үшін тегін өнер көрсетіп жүрдік. Ән салғанымызға бес мың теңге төлейтін" , - деді ару.
Скриншот: Instagram

Скриншот: Instagram

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel