RU
Адам ұрлау, қару тасымалы: Алматыда «Алиев» басшысына сот үкімі шықты
Жаңалықтар Қоғам

Адам ұрлау, қару тасымалы: Алматыда «Алиев» басшысына сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда «Алиев» ҰҚТ жетекшісі Қадыр Алиевке және қылмыстық топқа қатысушылар Аңсар Дартаевқа, Дмитрий Терешин мен Ерсен Жұмабаевқа үкім шығарылды деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Адам ұрлау, тонау, қару тасымалы": Алматыда «Алиев» ҰҚТ басшысына сот үкімі шықты

Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ

Сот үкімін ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Сотталғандардың төртеуі де Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-б. 1), 8) тармақтарымен, 191-бабының 4-б. 2) тармағымен, 287-бабының 3-б. және 390-бабының 2-б. (адам ұрлау, тонау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын лауазымды адамның атағын өздігінен иемдену) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҰҚТ жетекшісі мен мүшелері Алиев, Дартаев, Терешин және Жұмабаев жеті жыл және бір айға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Аса қауіпті қылмыстық топтың әрекеті 2018 жылдың қазанында анықталып, ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұйымның жолын кесті.

Қылмыстық топтың негізін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері құраған, олар 2018 жылғы 13 қыркүйекте Жамбыл облысында Отар станциясында кәсіпкер Р. Агалюллинге қарулы шабуыл жасап, 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың евро иемденген.

Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 пистолет пен қару, 140 бірлік оқ-дәрі, радиостанциялар, автомобильдердің жалған номерлік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен басқа да қарақшылық шабуыл жасауға арналған құралдар табылып, алынды.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларымен ұрланған ақшалай қаражат жәбірленушіге қайтарылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel