RU
Талай арудың арманына айналған Әли Оқаповқа қарамай қойған қыздар кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Талай арудың арманына айналған Әли Оқаповқа қарамай қойған қыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Әли Оқапов кезінде талай қыздың сезімін аяққа таптағанын айтты. Әнші ұсынысын қабылдамаған бойжеткендерге өкпелі екенін де жасырмады деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мысалыға мектепте маған алғашқы махаббатым қарамай қойды. Менің сыныптасым. Содан кейін мектеп бітірер кезде бір қыз қарамай қойды. Кейін студенттік кезімде тағы бір жағдай болды. Шынымды айтайын, қазір бәрін есіме түсіре алмаймын. Бірақ болды", - дейді Әли Оқапов.

Сондай-ақ аталмыш арулар әншіні көріп қалса, әлі күнге өзгермегенін тілге тиек етеді екен.

"Кезінде маған қарамай кеткенде... Қазір мен басқа адам болдым ғой. Мен де есейдім. Әртіс болдым. Дегенмен ол қыздың айтқаны, "сен мүлдем өзгермепсің". Мінезім. Көріспегенімізге, араласпағанымызға біраз жыл болды.
Бір жерде аяқ-асты кездесіп қалдық. "Мүлдем өзгермепсің. Яғни, әзілдерің сол, жүріс-тұрысың да сол. Қанша жұлдыз болсаң да, сен сол Әли екенсің" дегендей айтады. Мен оны ерекше жылы қабылдаймын", - дейді әнші.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Әли Оқапов Ақбота Сейтмағамбетпен жақын қарым-қатынаста болғанын айтып қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel