RU
"Анау-мынау емес": Әбдіжаппар Әлқожа Bentley көлігін сатып алды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Анау-мынау емес": Әбдіжаппар Әлқожа Bentley көлігін сатып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа Bentley көлігін сатып алды. Бұл туралы әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев өзінің Instagram парақшасында айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа тұлпарың құтты болсын. Әрбір қазағыма жұғысты болсын",- деп жазған Әбдіжаппардың досы.

Одан бөлек, сахна серісінің бұл жаңалығымен желідегі басқа топтар да бөліскен. Сүйінші хабарды жеткізгендер қатарында Toiduman.kz парақшасы да бар.

"Әбдіжаппар Әлқожаның су жаңа бейнебаяны... емес , темір тұлпары құтты болсын! Ия, әншілеріміз анау-мынау емес Bentley-мен жүреді. Не дейміз енді, #ҚазақтыңТойыБітпесін",- делінген аталған жазбада.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары өз тілектерін білдірген.

"Құтты болсын", "Игілігіңе мінгейсің", "Темір тұлпар құтты болсын", "Құттықтаймын", "Bentley ғой" -деп жазған олар.

,

Сіздің реакцияңыз
13
4
2
4
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel