RU
Түсіңізде әмиян көру нені білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде әмиян көру нені білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Түсіңізде әмиян көре салып, оны ақшаға қарай жоруға асықпаңыз. Түс әлемінде құндылықтар сәл өзгеше. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде әмиян көру нені білдіреді?

Көрнекі сурет: depositphotos.com

Түсіңізде әмиян көрген болсаңыз, оның ішінде не болғанын есіңізге түсіруге тырысыңыз.

Егер ол бос болса, қамықпаңыз. Мұндай түс ішіңіздегі жабырқау сезімнен құтыласыз деген сөз.

Әдетте әмиянды бір нәрсеге ұмтылып, мақсатқа жету жолында тер төгіп жүрген адамдар көреді.

Егер түсіңізде әмияныңызды ұрлап кеткен болса, онда шынайы өмірде де солай болуы мүмкін. Сақ болыңыз, қаржыңыздан, бағалы затыңыздан айырылуыңыз мүмкін.

Ал ақшасы бар әмиян көрсеңіз, қуануға асықпаңыз. Ақшаңыздан айырыласыз немесе жақын адаммен ренжісесіз.

Егер біреудің сөмкесінен әмиян ұрласаңыз, онда сіз жаңашылдыққа ұмтылған, өзгеруге талпынған адамсыз. Көп ұзамай бір тәуекелге баратыныңызды ескертеді.

Егер сіздің әмияныңызды ұрлағанын көрген болсаңыз, онда шынайы өмірде мүмкіндігіңізді жіберіп алудан қорқып жүрсіз.

Ал жоғалтқан затыңызды біреу әкеліп берсе, кім екенін есіңізге түсіріңіз, себебі сол адамға қарызыңыз болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel