RU
"Шынымен ғашық": Тимати мен Назиманың арасында сезім бар ма? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Шынымен ғашық": Тимати мен Назиманың арасында сезім бар ма? (видео)

Рассказать Вконтакте

Тимати мен Назима романтикалық бейнебаян түсіріп, ғашық жұпты сомдады. Көпшілік дуэт жазған танымал рэпер мен оның қол астындағы әншінің арасында махаббат сезімі бар деп болжауда. Желідегілер әртістер тек түсірілім алаңында ғана емес, шынайы өмірде де ғашықтар деп өз ойларын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күні кеше жаңа бейнебаянынан үзінді жариялаған Назима мен Тимати желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Клипте ғашықтар рөлін сомдаған әншілерді оқырмандары шынайы өмірде де жұптастырып үлгерді. Олар қазақ әншісі мен ресейлік рэпердің бір-біріне жарасымды екенін алға тартып, араларында "бір нәрсе" бар екенін болжады.

"Өте жарасымды жұп. Асыға күтудеміз" , "Қалай күшті жарасады өздері" , "Шынымен ғашық сияқты" , "Сіздерден тамаша жұп шығады" , "Меніңше, олар шынайы өмірде де бір-біріне ғашық" , "Сезім бар секілді араларында, неге екенін білмеймін. Менің пікірім сондай, "Тимати мен Назима құдды ғашық жұп секілді" , "Өте жарасады бір-біріне" , "Жобадан кейін араларында сезім бар деп ойлаймын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Назима Жәнібекова "Песни" жобасынан кейін танымал ресейлік Black Star продюсерлік орталығына өтті.

Музыкалық жоба барысында оған жетекші болған Тимати аталмыш орталықтың басшысы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel