RU
Тоқаев Ақордада Ұлықбек Есдәулетпен кездесті (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Ақордада Ұлықбек Есдәулетпен кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Соңында мемлекет басшысы Жазушылар одағының жұмыстарына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel