Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аян Өтепберген Гүлназ Жолановамен арада сезім болғанын мойындады

Опубликовано:

Актер Аян Өтепберген Хабар аранасындағы "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына берген сұқбатында сахнадағы әріптесі Гүлназ Жолановамен араларында сезім болғанын мойындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Аян Өтепберген сұқбат барысында актриса Гүлназ Жолановамен дос екенін айтты. Алайда актер әріптесі екеуінің арасында сезім болғанын да жасырмады.

Аянның айтуынша, бүгінгі таңда олар достық қарым-қатынасты сақтап қалуды жөн көрген.

"Гүлназ екеуіміз доспыз. Дос боламыз деп келістік. Арада сезім болды. Бірақ қазір жоқ. Қазір қыдырып жүрген жоқпыз", - деп жауап берді әртіс.

Бағдарлама жүргізушісі Аянның неліктен Гүлназдан бас тартқанын, актерге қандай жан керек екенін сұрады.

"Ең бастысы, отбасын құрғаннан кейін өнер адамын түсінетін жан керек. Гастрольдік сапар кезінде түсіністік танытқаны маңызды. Отбасында біреу төмен, біреу жоғары тұру керек", - деп жауап берді Өтепберген.

Сондай-ақ, актер жақында үйленбейтінін, 27 жасында отбасын құратынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795548-aan-tepbergen-glnaz-zolanova-ekeuini-arasynda-sezim-bolganyn-mojyndady/

pixel