RU
Алматыда жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. 19 мамыр күні түстен кейін үйден шыққан Азат Шаймұратов қайта оралатынын айтқан. Алайда, жігіт жақындарына сағат 23:45-те хабарласып, анасы мен әкесін жақсы көретінін, бірақ қайта келе алмайтынын жеткізген. Содан бері, азаматтың ұялы телефоны өшірулі. Бұл туралы Ислам Угушев өз Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Шаймұратов жоғалған күні сағат 21:00 шамасында Жас Қанат ықшам ауданында болған.

Ислам Угушевтің мәліметінше, жігіттің соңғы телефон қоңырауы 19 мамыр күні түнгі сағат 23:51 -де Наурызбай ауданы, Қарғалыдан тіркелген.

Артынша байланыс құралы өшіру нүктесі арқылы сөніп қалған. Дегенмен, бұл әрекетті кімнің жасағаны белгісіз.

Бүгінде бұл жағдайға қатысты бірнеше ақпарат бар.

Шаймұратовтың сүйіктісі Азат жоғалмай тұрып, бірнеше күн бұрын оның ұялы телефонына әлдекімдер хабарласқанын айтады.

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Бойжеткеннің сөзінше, түрлі нөмірлермен қоңырау шалғандар жігітті кездесуге шақырып, қоқан-лоқы көрсеткен екен. Олар келмеген жағдайда Шаймұратовтың қызының мекен-жайын білеміз деп қорқытқан көрінеді.

"Жоғалмай тұрып, Азат сағат 23:51-де өз қызына "Жаным, сені қатты жақсы көремін. Әрдайым қасыңда екенімді біл. Барлығы жақсы болады. Осылай болғаны үшін кешір" деген хабарлама жіберген. Осыдан жігіт қауіпті жерге бара жатқанын білген деген тұжырымға келуге болады", - дейді Ислам Угушев.

Одан бөлек, бойжеткен Азат жоғалмай тұрып, бірнеше күн бұрын екеуін белгісіз көлік аңдып жүргенін айтады. Ол жастар қыдырып жүргенде қастарынан өтіп, кейде қыздың үйіне де келіп тұрған екен.

Фото: Вконтакте/ "Талдыкорганец"

Фото: Вконтакте/ "Талдыкорганец"

Қазіргі уақытта Қоғамдық қауіпсіздің кеңесінің барлық жеке топтары Азат Шаймұратовтан соңғы қоңырау келіп түскен Наурызбай ауданына іздеу жұмыстарына жіберілген.

Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Ислам Угушев Түркісіб және Бостандық ауданы полициясынан жас жігітті іздеуге бар күштерін салуды сұрайды.

Азаттың бойы 185, салмағы 84 келі. Қара шашты, қой көзді. Ақ жейде мен қою көк түсті күртеше мен джинсы киген.

Кез келген ақпарат бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.

+7 747 958 59 59 - Құмарбеков Бақытжан (ағасы).

+7 747 724 16 74 - Анасы.

+7 707 252 61 00 - Қоғамдық қауіпсіздік қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel