Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 мың долларды тиынмен алған көлік сатушылар ақшаны үш күн бойы санаған

Опубликовано:

Қытайдың тұрғыны жаңа автокөлік үшін 30 мың юань, яғни, 18,82 мың долларға жуық ақша төлеген деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixy.org
Фото: pixy.org: UGC

Басылымның мәліметінше, ҚХР-ның шығыс бөлігіндегі Хэбэй провинциясының тұрғыны су жаңа Volkswagen Passat көлігін сатып алған. Ол үшін әйел адам бір юань номиналымен 131 492 тиын төлеген.

Автосалонның сату бөлімінің менеджері тиындарды 16 адам есептегенін айтты. Жалпы алғанда ақшаны санауға үш күн кеткен.

"Күнделікті таңғы 8:30-да ақша есептеуді бастап, жұмыс күнінің соңына қарай бітетінбіз. Түскі асқа кезекпен барып тұрдық", - дейді менеджер.

Оның айтуынша, тиын санаған салон қызметкерлерінің қолдары қара түске боялған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795577-18-my-dollardy-tiynmen-algan-klik-satusylar-aksany-s-kn-bojy-sanagan/

pixel