Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігер Ауыпбаев Кәмшат Жолдыбаеваның елді шулатқан клипіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев әріптесі Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа клипіне қатысты өз ойын айтты. Әнші мұндай бейнебаяндардың ғұмыры ұзаққа созылмайтынын тілге тиек еткен деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев, Жолдыбаева. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жігер Ауыпбаев, Жолдыбаева. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әнші елді шулатқан бейнебаянды толық қарамағанын жеткізді.

"Мен толығын көрген жоқпын. Тек желіден үзіндісін көрдім. Мен көп нәрсе айтпай-ақ қояйын. Себебі, қазір қасиетті Рамазан айы ғой. Әр адам өзінің миында не бар, соның жемісін жейді ғой. Бұл жерде енді әріптес болғаннан кейін, ертеңгі күні көріп, көңіліне алып қалса... Сырттан өзіме жаман пікір қалыптастырғым келмейді. Басым көпшілігі мұның біздің менталитетке сай келмейтінін біледі", - деді Жігер Ауыпбаев.

Әншінің айтуынша, мұндай бейнебаяндардың ғұмыры қысқа болмақ.

"Ол ертең шығады да, ары кетсе бір жылға жететін шығар. Шулау жағынан бір жылға жетпеуі де мүмкін. Одан кейін "Не істедің? Түк істемедің" деген сияқты болып қалады. Қазір көбі шығармашылық көзқараспен қарап, істеп жатыр ғой. Енді ол жағынан халық өзі саралап, бағасын береді.
Бізде бір жағынан шығармашылық көзқараспен қарау бар. Екіншіден қазақтың жан дүниесіне сай келетін нәрселер бар. Түбінен аша берсең, көп қой. Салт-дәстүрлерді жинап алып келгенде, болмайтыны бәрібір белгілі", - дейді Ауыпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның бейнебаянын осыған дейін Меруерт Түсіпбаева мен Бағдат Сәмединова да сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795591-ziger-auypbaev-kmsat-zoldybaevany-eldi-sulatkan-klipine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel