RU
Димаш Нұр-Сұлтанда өтетін концертінің промо-ролигін көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Нұр-Сұлтанда өтетін концертінің промо-ролигін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген желіде "Арнау" атты концертін таныстыратын шағын видео жариялады. Әншінің Нұр-Сұлтанда өтетін шығармашылық кеші ерекшелікке толы болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео әртістің Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

Кадрдан Димаштың Нұр-Сұлтанда өтенін ән кешіне тыңдармандарды үш тілде шақырғанын байқауға болады.

"Димаш Құдайберген! Қазақстанның біртума дарын иесі. Әлем бойынша миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Димаш "Арнау" атты жаңа шоу ұсынады. Оның дауысы - импульс. Шабыттандырады, қуаттандырады. Көрерменді айрықша дауыс диапазонымен, ауқымды шоу күтеді", - делінген видеода.

Еске сала кетсек, Димаш 29 маусым күні Нұр-Сұлтанда жеке кешін береді.

Ол жеке концерті қарсаңында Қазақстанға оралды.

Әртістің ән кешіне дайындалып жатқан видеосы пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel