RU
Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтанда төрт адамның қаза тапқанын хабарлады
Жаңалықтар Қоғам

Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтанда төрт адамның қаза тапқанын хабарлады

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов бүгін елордада коммуналдық қызметтің төрт қызметкері қаза болғанын хабарлады. Бұл туралы қала басшысы Facebook парақшасында мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: kp.kz

Фото: kp.kz

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиға орын алды. "Астана Су Арнасы" мекемесінің 4 қызметкері жазатайым қаза болды. Өз атымнан және әкімдік атынан көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын", - деп хабардар етті әкім.

Сонымен қатар Сұлтанов қала әкімдігі барлық тиісті көмекті көрсететінін, құзырлы орган өкілдеріне аталмыш факті бойынша жан-жақты тексеруді тапсырғанын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel