Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қаза тапқан төрт адамға қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Бүгін, 23 мамыр күні Нұр-Сұлтанда жұмыс уақытында "Астана Су арнасы" компаниясының төрт қызметкері қаза болды. Оқиғаның мән-жайын төтенше жағдайлар комитеті айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kuban24.tv
Фото: kuban24.tv: UGC

Ведомства мәліметінше, компанияның 6 қызметкері қолданыстан шыққан құдықта жұмыс істеген.

Оқиға орнында 4 адам метаннан уланып көз жұмған, біреуін құтқару мүмкін болған, ал алтыншысы құдыққа түспеген.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов хабарлаған болатын.

Ол қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, әкімшілік тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1795622-nr-sltanda-kaza-tapkan-trt-adamga-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel